Қоршаған ортаға әсерді бағалау қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тікелей немесе жанама әсер ететін кез келген қызмет (оның ішінде шаруашылық) түрлерін ұйымдастыру және жүзеге асыру кезіндегі міндетті іс – шаралар тізбесіне кіреді.

Егер қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізілмеген жағдайда, жобаны әзірлеу және одан әрі іске асыру мүмкін емес, өйткені ҚОӘБ нәтижелері жоспарлы, жобалық, сондай-ақ жоспарлау алдындағы және жобалау алдындағы құжаттаманың міндетті құрамдас бөлігі болып табылады.

«Казспецремонт» ЖШС-де Сіз үшін ҚОӘБ жобасының бөлімін әзірлеуге дайын кәсіби экологтар штаты бар. ҚОӘБ жобасын әзірлеу жоспарлау алдындағы, жоспарлы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу жөніндегі Нұсқаулыққа (Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-п бұйрығы) қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.

Вернуться назад

Заказать звонок

Жөңелту


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+